2 акушерлік іс және гинекология кафедрасы қорытынды бағалау үшін қолданылатын бақылау-өлшегіш қҰралдары мамандығы – 051 301 – «жалпы медицина»




Сторінка1/4
Дата конвертації19.04.2016
Розмір1.13 Mb.
  1   2   3   4

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

c:\documents and settings\администратор\рабочий стол\777\logo_fin.jpg


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ



ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ



Мамандығы051 301 – «жалпы медицина»

Кафедра – №2акушерліс іс және гинекология

1.7. АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ-ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ


Курс: 5 (бесінші)

Пән: акушерлік іс және гинекология

Құрастырушы: №2акушерлік іс және гинекология кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д. Қалиева Л.Ғ.

Алматы 2011жыл.

Акушерия және гинекология пәні бойынша білім-тәжірибелік дағдыларды қорытынды бағалау үшін қолданылатын бақылау-өлшегіш құралдары кафедра меңгерушісі Л.Ғ. Қалиева құрастырған. Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің қызметін атқарушының 2010 жылының 17 қыркүйекте шыққан №731бұйрығымен бекітілген 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

Акушерия және гинекология пәні бойынша білім-тәжірибелік дағдыларды қорытынды бағалау үшін қолданылатын бақылау-өлшегіш құралдары №2 акушерия және гинекология кафедрасының отырысында талқыланды

«22» сәуір 2011 ж., № 18 хаттама


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Л.Ғ. Қалиева

ГЛОССАРИЙ


17-ОПК - 17-оксипрогестерон капронаты

АГС -адреногениталдық синдром

АИВ -адам иммунтапшылық вирусы

ЖІС -жатырішілік сірпе

ВМС Т Си-380 А -сірпенің мыс сымының диаметрі 0,3мм

ЖТД -жалпы тәжірибелік дәрігер

ЖГВ -жәй герпес вирусы

ҚКЕ -қалалық клиникалық емхана

ЖДҚ -жатырдан дисфункционалдық қанкету

ДМПА -депо-медроксипрогестерон ацетаты

ЕХС -еркіндің хирургиялық стерилизация

ОГТ -орынбасушы гормоналдық терапия

ЖЖТА -жыныс жолдарымен таралатын аурулар

ЖИА -жүректің ишемиялық ауруы

ИФЗ -иммуноферменттік зерттеу

ҚАК -қосарланған ауыз арқылы қабылдайтын контрацептивтер

ЛГ -лютеин ынталандырушы гормон

ҚР ДМ -Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министерлігі

ҚАЖ-Х -қалықаралық аурулар жіктеуі (10-шы қайта қарау)

ПТР -полимераздық тізбе реакциясы

АИТС -адамның иммун тапшылық синдромы

ЖТЖ -жүрек тамыр жүйесі

ФДТ -функционалдық диагностикалық тестілері

УДЗ -ультрадыбыстық зерттеу

ФГ -фолликул ынталандырушы гормон

АХГ -адамның хориогоникалық гормоны

ЦМВ -цитомеголовирус

ТПК -таза прогестиндік контрацептив

ТАПК -таза ауыз арқылы қабылдайтын прогестиндік контрацептив

ЭЭГ -электроэнцефалография


ТЕСТІЛЕР және СҰРАҚТАР


  1. ші сабақ. Жүктілік және босанғаннан кейін әйелді амбулаторлық жүргізу

Сұрақтар

  1. Жүкті әйел консультацияға бірінші рет келгенде қандай зерттеулер жүргізілу керек?

  2. Қандай жағдайда жүкті әйелді жоғарғы қауіп-қатер тобына тіркеу керек?

  3. Жүктіліктің қай мерзімінде әйелге декреттік демалыс беріледі?

  4. Жүктілікті анықтау әдістері

  5. Жүктіліктің ерте мерзімінде анықтайтын лабораторлық зерттеу әдістері

  6. Нәрестенің жағдайын анықтайтын зерттеу әдістерін атаңыз

  7. Қандай жағдайда келесі диагноздар қойылады:

    1. Созылмалы гипертензия

    2. Жүктілікпен байланысты гипертензия

    3. Жүктілікпен байланысты ісіну

    4. Жеңіл дәрежелік преэклампсия

    5. Ауыр дәрежелік преэклампсия

  8. Жүктілік кезіндегі қанкетудің этиологиясы

  9. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қанетудің этиологиясы

  10. Жүктіліктің үзілу қаупінің қандай түрінде науқасты стационарға жатқызу керек? Қандай стационарға?

  11. Босанғаннан кейін әйел қашан перзентханадан шығарылады?

  12. Босанып перзентханадан үйіне шыққан әйелге гинеколог қашан келеді?

  13. Босанып шыққан әйелді жоспарлық тексеру деген не? Ол қашан жүргізіледі?

  14. Босанғаннан кейін әйелге кеңес қалай жүргу керек? Пациентпен қандай сұрақтарды талқылау керек?

  15. Әйел босанғаннан кейінгі мерзімі қалыпсыз жүргенінің қандай белгілері бар?

  16. Босанағаннан кейінгі қабыну процесстерді қалай анықтау керек? ЖТД тактикасы?

  17. Әйелдің емізіктерінде сызаттар пайда болған жағдайда не істеу керек? Маститті алдын алу әдістері.

  18. Босанғаннан кейінгі қанкетудің алдын алу салалары.


Тестілер

  1. Экстрагениталді патологиясы жоқ, жүктілігі физиологиялық жағдайда өткен жағдайда әйел консультацияға неше рет келу керек:

    1. 4 рет

    2. +7 рет

    3. 10 рет

    4. 12 рет

    5. Өзін бақылап жүрген акушер-гинеколог шешеді




  1. Әйелдің соңғы етеккірі 5 наурыз 2010 жылы болды. Тексерілуге әйелдер консультациясына 15 мамыр 2010 жылы келді. Босану мезгілін анықтаңыз:

    1. 5 желтоқсан 2010 жыл

    2. +12 желтоқсан 2010 жыл

    3. 15 желтоқсан 2010 жыл

    4. 15 желтоқсан 2011 жыл

    5. 12 желтоқсан 2011 жыл




  1. Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер әдейі гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік» деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек:

    1. Екінші рет УДЗ жүргізу

    2. Бірнеше рет УДЗ жүргізу

    3. АХГ тексеру

    4. +АХГ деңгейінің өзгерісін анықтау

    5. Стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау



  1. Жорданиа тәсілі бойынша нәрестенің болжам салмағын (Мn) өлшеңіз (ІШ – іш шеңбері, ЖТБ – жатыр түбінің биіктігі, Р- анасының бойы (см.), М – ананың салмағы (кг.), п = 12, К = 155):

    1. Mn = (ІШ + ЖТБ + Р +М)∙10

    2. + Mn = ІШ ∙ ЖТБ

    3. Mn =(ЖТБ – п) ∙ К





  2. Даун ауруын анықтайтын УДЗ мәліметтері:

    1. Ұрық басының шеңбер өлшемі жоғары болады

    2. Ұрықта асцит байқалады

    3. +Ұрықтың желкесіндегі терісінің қалыңдығы үлкееді

    4. Ұрықтың желкесіндегі терісінің қалыңдығы жұқарады

    5. Ұрық басының шеңбер өлшемі төмен болады




  1. Әйелде 7-ші жүктілік, босануы 6-шы болады. 3-ші жүктілігі 16-17апталғында өзіндік түсікпен аяқталды. Қалған жүктіліктері мезгіліне жетіліп физиологиялық босанумен аяқталды. Соңғы баласын 2 жыл бұрын босанды, асқыну болған жоқ. Әйел Алматы қаласының тұрғыны, ол қай мекемеде босану керек:

    1. Тұрған мекенжайындағы перзентханада

    2. +Перинаталдық орталығында

    3. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында

    4. Кафедраның клиникалық базасы ретінде саналатын перзентханада

    5. Әйелдің қалаған перзентханасында




  1. Босанғаннан 7 күн өткесін әйел дене қызуы 380С, әлсіздік, жөтелуіне шағымданып гинекологқа келді. Сүт бездері жұмсақ, емізіктерінде сызаттар байқалмайды. Өкпесінің төменгі аймақтарында тыныс әлсізденген, бірен-сараң сырыл естіледі. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарын пальпациялағанда сезімталдық байқалады. Лохиялары – қан аралас, орташа мөлшерде. Дәрігердің тактикасы:

    1. Поликлиникада зерттеу: жалпы қан анализі, өкпенің рентгенографиясы, қақырығын 3 рет бактериоскопиялық зерттеу

    2. Антибактериалық терапия

    3. Клиникалық аурухананың терапевтикалық бөлімшесіне жатқызу

    4. +Перзентханаға жатқызу

    5. Фтизиатрдың тексеруі қажет




  1. Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз:

    1. Іріңді мастит

    2. Лактостаз

    3. Сероздық мастит

    4. Инфильтративтік мастит

    5. +Флегманоздық мастит



  1. Босанғаннан кейінгі әйелдің жатыр түбінің биіктігі кіндіктен 3 көлденен саусаққа төмен. Лохиялары – қанды-серозды. Әйелдің босанғанына неше күн болды:

    1. 1-2

    2. +3-4

    3. 5-6

    4. 6-7

    5. 7-8




  1. Қасаға сүйектерінің ажырауында дәрігердің тактикасы қандай:

    1. +Кіші жамбасты қатты таңып, төсек режимін сақтау керек

    2. Оперативті ем

    3. Симптоматикалық терапия

    4. Антибактериалді терапия

    5. Инфузионды терапия



2-ші сабақ. ТЖД жұмысында кездесетін әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
Сұрақтар

  1. Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулар санының өсу себебі.

  2. Әйел жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің ауруларын анықтау әдістері

  3. Әйел жыныс мүшелерінің жоғарғы бөлігінің ауруларын анықтау әдістері. Минималді лабораторлық зерттеу скринингі.

  4. Қандай экстрагениталдық ауруларының симптомдары жыныс ағзаларының ауруына ұқсас болады.

  5. Жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар.

  6. Алдын алу мониторингі деген не?

  7. Жыныс мүшелер аурулары бойынша шығарылған ҚР ДМ протоколдары.

  8. Қыз бала және жасөспірім кезеңінде болған жыныс мүшелері қабыну ауруларының ерекшеліктері

  9. Бактериоскопияға жағынды алуын көрсетіңіз


Тестілер


  1. Төменгі көрсетілген тізімнен жыныс мүшелерінің жоғарғы бөлігінің қабыну ауруларының жиі кездесетін этиологиясын атаңыз:

    1. стафилококтар

    2. стрептококтар

    3. +гонококтар

    4. гарднерелдер

    5. гемофилді таяқшалары




  1. 20 жастағы пациенттің анамнезін анықтағаннан кейін сіз жатырдың қосалқыларының жедел қабынуына күмәндандыңыз. Осы жағдайда жүргізетін іс-әрекетіңіз:

    1. +Уретра, цервикал каналы және қынаптан бактериоскопияға жағынды алу

    2. Цервикал каналынан цитологиялық зерттеуге жағынды алу

    3. Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу

    4. Антибактериалдық терапияны бастау

    5. Лапароскопия жүргізу




  1. Аборттан кейін 30 жасар әйелдің етеккірі аз мөлшерде келетін болды. Гистероскопия кезінде атрофиялық эндометрий анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

    1. +Созылмалы эндометрит

    2. Ашерман синдромы

    3. эндометрит

    4. Эндометридің қатерлі ісігі ықтимал

    5. Плацентарлы полип




  1. Трихомониаздың клиникалық белгілері:

    1. +Қынаптан көпіршіген бөлінділер, сыртқы жыныс мүшелерінің қышуы

    2. Ішінің төменгі бөлігінің ауыруы

    3. Етеккір циклінің бұзылуы

    4. Жағынды түрдегі қанды бөлінділер

    5. Қынаптық гиперемиясы




  1. Әйелдер консультациясына 29 жастағы науқастың шағымдары: іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауыру сезім, жыныс жолдарында бөлінділер көбеюі. Осы симптомдар 3 апта бұрын пайда болды. Айнамен зерттеу мәліметтері: қынап және жатыр мойынының шырышты қабатының түсі қалыпты, бөлінділері шырышты, орташа мөлшерде. ЖІС-тің мұртшалары көрініп тұр. PV: жатыр мойыны цилиндр тәрізді, еренуі жабық. Жатыр кіші жамбастың ортасында орналасқан, қозғалмалы, көлемі қалыпты, пальпациялағанда сезімтал. Екі жағындағы қосалқылары қалыңдаған, қозғағанда айқын ауырады. Болжам диагноз:

    1. +ЖІС фонындағы екі жақты сальпингоофорит, эндометрит

    2. ЖІС фонындағы екі жақты сальпингит, эндометрит

    3. ЖІС фонындағы эндометрит

    4. ЖІС фонындағы екі жақты аднексит

    5. ЖІС фонындағы пельвиоперитонит




  1. Науқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз:

    1. +бактериалді вагиноз

    2. Бейспецификалық вагинит

    3. кандидозды вагинит

    4. трихомонадты кольпит

    5. Қынапқа түскен бөтен заттан болған вагинит




  1. 25 жастағы тұрмыс құрмаған әйелдің шағымдары: жыныс жолдарынан аз мөлшерде бөлінділер, жыныстық қатынастан кейін – қанды бөлінділер, оң жақ қабырға доғасының астындағы аймақтағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік. Бір айдан бері жаңа жыныстық серіктесімен тұрады. 2 жыл бұрын бір жүктілік болған – аборт жасалған. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: қынаптық бөлінділері шырышты, цервикал канал бөлінділері – ірің тәрізді. Жатыр мойынында көлемі кішкентай эктопиясы байқалады. Бимануалді зерттеу: жатыр мойыны ауыру сезімді. Жатыр қосалқылары, оң жақ қабырғаларының асты пальпация кезінде ауырады. Болжам диагноз:

    1. Жатыр қосалқыларының бейспецификалық қабынуы

    2. Трихомониаз

    3. +Хламидиоз, гонорея

    4. Цитомегаловирус, жай ұшық вирусы

    5. Туберкулездік сальпингит, эндометрит


  1. АИВ инфицирленген науқастың жыныс жолдарынан іріңді бөлінділер бөлініп, ішінің төменгі бөлігі ауырып, дене қызуы субфебрилді көтерілді. Науқасты тексергеннен кейін клиникалық диагноз қойылды: Екі жақты жеделдеу бейспецификалық сальпингоофорит. Осы науқасты қай мекемеде емдеу керек:

    1. + Қалалық клиникалық аурухананың гинекологиялық бөлімінде

    2. ЖИТС орталығында

    3. Тері ауру және венерологиялық диспансерде

    4. Инфекциялық ауруханада

    5. Қалалық клиникалық аурухананың хирургиялық бөлімінде




  1. Пациентка ауруханада жедел сальпингоофорит себебімен қабынуға қарсы ем алып шығып, поликлиникалық гинекологқа келді. Поликлиникалық дәрігердің тактикасы:

    1. 1 айдан кейін рецивке қарсы ем тағайындау

    2. Антибактериалдық емді 10 күнге дейін жалғастыру

    3. Сіңірлетін , физиоем тағайындау

    4. Екі рет етеккір келген кездерде рецидивке қарсы ем тағайындау

    5. +Үш рет етеккін келген кездерде рецидивке қарсы ем тағайындау




  1. Науқасты қынаптық тексеру кезінде жатырдың артқы маңайында түзіліс пальпацияланды. Анамнезінен: ауырғанына 1 ай болды – аборттан кейін дене қызуы көтеріліп, қалтырау байқалады. Дәрігерге қаралған жоқ. Соңғы аптада ауыру сезім тік ішегінде пайда болды. Диагноз:

    1. Созылмалы сальпингит

    2. Жатырдан тыс жүктілік

    3. +Параметрит

    4. Ұрық жұмыртқасының қалдықтары

    5. Созылмалы аднексит



3 сабақ. Әйелдің әр жасында кездесетін етеккір циклінің бұзылыстары. ЖТД тактикасы.
Сұрақтар


  1. Етеккір цикл бұзылуларының түрлері «жітеуі»?

  2. Гонадалар дисгенезиясы деген не? Жыныс дамуының болмауы?

  3. Жыныс дамуының кідіруі деп қандай жағдайда айтамыз?

  4. Ерте жыныстық даму деп қандай жағдайда айтамыз?

  5. Қандай аурулар етеккір циклінің бұзылуына себебші болуы мүмкін?

  6. Дисфункционалдық жатырдан қанкетудің маңызын түсіндірініңіз

  7. Ювенилді жатырдан қанкету кезіндегі ЖТД тактикасы

  8. Постменопауза кезінде дәрігер қандай тактиканы қолданады?

  9. Дисфукционалдық қанкету себебімен емделіп стационардан шыққан науқасты ЖТД қалай жүргізеді?

  10. Климактерикалық бұзылыстардың түрлері? ЖТД тактикасы. Орынбасушы гормоналдық терапияға көрсетімдер.

  11. Бимануалды тексеру әдісін көрстеіңіз


Тестілер:

  1. Қалыпты етеккір циклінің ұзақтығы:

    1. +21-35 күн

    2. 28-30 күн

    3. 19-28 күн

    4. 26-35 күн

    5. 22-36 күн




  1. Меноррагия деген:

    1. Ациклдық жатырдан қан кету

    2. +Циклдық жатырдан қан кету

    3. Ауыру сезімді, көп мөлшерде келетін етеккір

    4. Етеккір циклінің қысқа болуы

    5. Етеккір циклінің ұзаруы




  1. Метроррагия деген:

    1. Етеккір ритмінің өзгеруі

    2. Етеккір кезінде көп қан кету

    3. Етеккірдің мөлшері көп болуы

    4. +Ациклдік жатырдан қан кету

    5. Етеккір сирек келуі




  1. Гиперменорея деген:

    1. Етеккір циклінің ұзаруы

    2. +Етеккірдің ретті, көп мөлшерде келуі

    3. Етеккірдің ұзақ болуы

    4. Екі етеккір арасында келген қанды бөлінділер

    5. 2 ай кідіріп келген етеккір




  1. Ювенил жасында дисфункционалды жатырдан қан кетудің жиі кезедсетін себебі:

    1. Гиполютенизм

    2. Фолликулдар персистенциясы

    3. +Фолликулдардың атрезиясы

    4. Гиперпролактинемия

    5. Қан ұюы жұмысының бұзылуы




  1. Пременопауза кезеңінде дисфункционалдық жатырдан қанкетуді тоқтататын негізгі әдіс:

    1. Синтетикалық эстроген-гестагендік препараттар

    2. Қан тоқтататын және жатыр бұлшықеттерін жиырылтатын дәрі-дәрмектер

    3. Андрогендер

    4. 17-оксипрогестерон капронатын (17ОПК) үздіксіз енгізу

    5. +Цервикал канал және жатыр қуысын бөлек диагностикалық қыру




  1. 38 жастағы науқас әйелдер консультациясына етеккір циклі метроррагия типті бұзылып келді. Дәрігердің тактикасы:

    1. Гормоналдық гемостаз жүргізу

    2. +Гинекологиялық бөлімшеге диагностикалық қыру жүргізу мақсатымен жолдама беру

    3. Науқастың гормондар деңгейлерін анықтау

    4. Антибактериалдық терапия

    5. Симптоматикалық ем



  1. 18 жасар қыз бала гинекологиялық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті: басы айналады, 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады. Етеккірі 16 жасынан, ретсіз, көп мөлшерде, ауыру сезімді. Жыныстық қатынаста болмаған. Объективті: тері жабындысы боз, Hb-85г/л, Ht-26%. Гинекологиялық зерттеу жүргізгенде өзгеріс байқалмайды. УДЗ – эндометридің функционалді қабаты - 0.4 см. Дәрігерлік тактика:

    1. + Гормоналдық гемостаз

    2. Жатыр қуысын қыру

    3. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысын пункциялау

    4. Медикаментозды гемостаз

    5. Гистероскопия




  1. 60 жастағы әйелде 7 жыл менопауза кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. Айнамен тексеру мәліметтері:қынап және жатыр мойынының шырышты қабаты таза, цервикал каналынан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалады. Қынаптық тексеру: Жатыр мойыны, денесінің консистенциясы қалыпты, көлемдері ұлғаймаған. Жатыр қосалқылар аймақтары бос, пальпацияланбайды. Кіші жамбаста инфильтрат жоқ, Дәрігердің тактикасы:

    1. Гормонотерапия

    2. +Цервикал каналы және жатыр қуысын бөлек диагностикалық қыру

    3. Гемостатикалық терапия

    4. Қабынуға қарсы терапия

    5. Бақылау




  1. 42 жастағы науқасқа дисфункционалды жатырдан қанктеу себебінен хирургиялық гемостаз жүргізілді. Гистологиялық зерттеу мәліметі: эндометрий гиперплазиясы. Әрі қарай қандай ем тағайындау керек:

    1. Эстрогендер

    2. ҚАК

    3. +Гестагендер

    4. Дексаметазон

    5. Утеротониктер

4 Сабақ. Жанұя жоспарлау мәселесі жөнінде кеңес беру.


Сұрақтар

  1. «Репродуктивтік денсаулық», «Жанұяны жоспарлау», «Репродуктивтік құқық», «Репродуктивтік жүйке» деген не?

  2. Жанұяны жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру прициптері

  3. Контрацептцияның қандай түрлері бар. Контрацепцияға көрсетім, қарсы көрсетімдер.

  4. Гормоналдық контрацептив қабылдап жүрген пациентті бақылау прициптері

  5. Жасөспірім, босанғаннан әйелдер және соматикалық аурулары бар әйелдерге контрацепция жүргізу ерекшеліктері

  6. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасыныі кодексі. 3 –бап. 5-ші бөлім: 88-бап. Азаматтардың құқықтары.17-тарауында» қандай мәселелер талқыланады


Тестілер:


  1. Консультирование деген:

    1. +Психологиялық және медициналық қолдаудың бір түрі

    2. Құқықтық ықпал жасаудың түрі

    3. Пациентпен нұсқаулық түрінде қарым-қатынас жасау

    4. Пациентті беріп отырған бағдарламаны толығымен түсіндірмеу

    5. Медициналық қолдаудың түрі




  1. Репродуктивтің құқық деген:

    1. +Балалардың саны, арасындағы жасы, босандың мезгілі бойынша жұбайлардың және жеке тұлғалардың тегін шешімге келуі

    2. Босану жиілігі кемінде 1 жыл болу

    3. Ақысыз медициналық көмекке қол жеткізу

    4. Қосымша айлық табысқа қол жеткізу

    5. Тұрғын үй алуға мүмкіншілік болу




  1. Студент қыз, тұрмыста жоқ, контрацептив жөнінде кеңес алуға келді. Жыныстық қатынас айына 2-3 рет болады, серіктестері бірнеше. Жүктілік болған жоқ. Контрацептив тағайындаңыз:

    1. регулон

    2. +презерватив

    3. ригевидон

    4. триквилар

    5. ЖІС




  1. Күйеуі бар студент 25 жаста, бір баласы бар. Аяқ тамырларының созылмалы тромбофлебиті бар. Контрацептив тағайындаңыз:

    1. монофазды гормоналдық контрацепция

    2. хирургиялық стерилизация

    3. +ЖІС

    4. екіфазалық гормоналдық контрацепция

    5. үш фазалық гормоналдық контрацепция




  1. АИД инфицирленген әйелге контрацептив жөнінде кеңес бергенде, қандай сұрақтарға көңіл аударасыз:

    1. Тек контрацептивті тағайындайсыз

    2. Контрацептивтердің түрлерінімен таныстырасыз, ал әйел контрацептивті өзі таңдайды

    3. Жыныстық қатынаста болмау керектігін айтасыз

    4. +Контрацептивтің түрлерімен таныстырасыз, әйелдің ден саулығын тексересіз, содан кейін ең тиімді контрацептив тағайындайсыз

    5. Хирургиялық стерилизация жүргізесіз



  1. Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. «Стандартты дозалы» ҚАК-ты дұрыс тағайындаңыз:

    1. 1-ші рет - 4 таблетка, 2-ші рет – тағы 2 таблетка

    2. +1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 2 таблетка

    3. 1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка

    4. 1- ші рет - 4 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка

    5. 1- ші рет - 1 таблетка, 2- ші рет – еще 1 таблетка



  1. Медициналық аборттан кейін әйел ДМПА (Депо-медроксипрогестерона ацетат) атты инъекциялық контрацептив қолданғысы келетінін айтты. Бірінші инъекция қашан енгізілу керек:

    1. +Аборт жасалған кұні немесе 7 күннің аралығында

    2. Аборт жасалу алдында

    3. Аборттан 10 күн өткен соң

    4. Аборттан кейін 1 ай өткен соң

    5. Аборттан 6 апта өткен соң




  1. Босанған әйел нәрестесіне өз сүтінен басқа қосымша тамақ береді. Дәрігер ДМПА (Депо-медроксипрогестерона ацетат) контрацептивін тағайындағысы келеді. Дәрігердің тактикасы дұрыс па? Дұрыс болса бірінші инъекцияны қашан жасау керек:

    1. +2 айдан кейін

    2. 6 аптадан кейін

    3. 1 жылдан кейін

    4. Басқа гормоналдық контрацептив тағайындау керек

    5. Құрамында гормондары жоқ контрацептив тағайындау керек




  1. 25жастағы әйелдге босану әрекетінің әлсіздігі себебімен кесар тілігі операциясы жасалды. Операция кезінде жатырдың екіеселенуі анықталды (жатырдың туа біткен ақауы). Босанғаннан кейін пациентке контрацептивтің қандай түрін тағайындауға болмайды:

    1. +ЖІС

    2. презерватив

    3. ҚАК

    4. Ауыз арқылы қабылдайтын таза прогестиндер

    5. Спермицидтер




  1. ЖІС-ке қарсы көрсетім:

    1. Артериалдық гипертензия

    2. +Сальпингоофорит

    3. Ревматизм

    4. Қант диабеті

    5. Варикоз ауруы

  1   2   3   4


База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка