Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзі бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Тақырыбы : «Ұрықтың дұрыс орналаспауы.Ұрықтың жамбаспен келуі»




Скачати 156.72 Kb.
Дата конвертації15.04.2016
Розмір156.72 Kb.
ҚММУ Ф 4/3-06/03

ҚММУ БЕ 4/03

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Акушерлік және гинекология кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзі бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы : «Ұрықтың дұрыс орналаспауы .Ұрықтың жамбаспен келуі».


Пәні: AG 4303 Акушерлік және гинекология
Мамандығы: 5В 130100 Жалпы медицина
Курсы: 4
Оқу сағатының көлемі: 3
Құрастырушы: асс. Отарбаева Ш.П.

ҚАРАҒАНДЫ 2014


Акушерлік және гинекология кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№ 1 хаттамасы 29.08. 2014ж
Кафедра меңгерушісі ______________ Копобаева И.Л.

Тақырыбы : : «Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен келуі.Ұрықтың жамбаспен келуі».

Мақсаты: ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуі себебін, жіктелуін, диагностикасы жөніндегі білімін жетілдіру. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуі кезіндегі жүктілік ағымы мен босандыру ерекшелігі. Жүктілік пен босандыруды жүргізу және мүмкін болатын асқынулары.

Оқыту мақсаты:

  1. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуі себебін, жіктелуін білу.

  2. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуін диагностикалау.

  3. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуіндегі жүтілікті жүргізу.


Өткізу нысаны:

Жүктілер курациясы


Тақырып бойынша тапсырмалар:

  1. Сыртқы акушерлік тексеріс жүргізу

  2. Алдын ала диагноз қою

  3. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы мен жамбаспен келуі кезіндегі жүргізілетін тактиканы таңдау

  4. Жамбаспен келу кезіндегі консервативті ем жүргізгенде болатын асқыныстарды білу.

Таратылатын материалдар (қажеттілік кезінде немесе оған сілтемеде):

Ақпараттық-дидактикалық материал

Жамбеспен келу — ұрықтың жатырда орналасу нұсқасы, ұрықтың жамбас бөлігі әйелдің кіші жамбас кіреберісіне орнығуы.


Клиникалық жіктелуі:

1. Таза құйрықпен келу .Құйрықпен келеді,ұрық аяғы тізе буынынан бүгіліп,кеудесіне тартылған.

2. Аралас. Аяқтары тізе буынынан толығымен бүгілген және ішіне тартылған.

3. Аяқпен . Бір немесе екі аяғымен (өте сирек) не сирағымен келуі.Толық және толық емес аяқпен келу болып бөлінеді.Толық аяқпен келуде екі аяғымен келеді, ал толық емес аяқпен келуде-бір аяғы не сирағымен келеді.

Құйрықпен келу кезінде өздігінен босану тек бала салмағы 2500,0 гр.нан 3999,0 гр дейін болса жүргізіледі. Жамбаспен келу кезінде жынысы ер болса босануға әсер етеді деген мәлеметтер жоқ.



  • Госпитализацияға көрсеткіш:

  • Жоспарлы госпитализация - жетілген жүктілік және кесар тілігіне көрсеткіш болғанда.

  • Жедел - босану басталғанда.

Негізгі және қосымша шаралар тізімі

Негізгі: Сыртқы және ішкі акушерлік тексерістер

Қосымша

УДЗ


Жоспарлы госпитализациялау кезіндегі тексерістің минимальді тізімі – әйелдер консультациясында бақылауда тұратын жүкті әйелдерге, кесар тілігіне қосымша тексеру жүргізуге көрсеткіш жоқ.

Физикальді тексеріс:

Жатыр түбі биіктігі, ұрықтың жамбас бөлігі жамбас кіреберісіне орналасқан.

  • Жүкті әйел ішін пальпациялағанда ұрықтың басы (дөңгелек,тығыз,қозғалмалы) жатыр түбінде орналасқан, ал құйрығы (ірі,дұрыс емес пішінде,қозғалмайтын) – кіші жамбас кіреберісінде орныққан.

  • Ұрықтың жүрек соғысын кіндіктен жоғары не кіндік деңгейінен тыңдаймыз.

Қынаптық тексеру

Қынаптық тексеру кезінде жамбас кіреберісінен жұмсақ бөлікті анықтаймыз.

Жатыр мойны ашылғанда құйрық аралық,сегізкөз,жыныс мүшелері пальпацияланады.

Таза құйрықпен келгенде шаптық бүгілісті табуға болады.

Аралас құйрықпен келгенде құйрықпен бірге табанды пальпациялауға болады.

Сегізкөзді пальпациялау арқылы позиция мен түрін анықтайды.



Инструментальді тексеріс -УДЗ

Мамандар кеңесі – жоқ

Ажыратпалы диагноз - жоқ

Емдеу мақсаты: Ана мен бала асқынысы алдын алу

Емдеу тактикасы:

Медикаментозды емес емдеу

Жүкті әйел стационарға түскенде акушер-гинеколог акушерлік анамнез негізінде,медицина мекемесінің техникалық және дәрілік мүмкіндігі,клиникалық тәжіребиесі, медициналық қызмет көрсету стандарты негізінде босануды жүргізу тактикасы жөнінде шешім қабылдайды.

Табиғи жолмен босануға қарсы көрсеткіш болмаса, жүкті әйел босану қаупі мен артықшылығы жөнінде мүмкіндігінше ақпарат алуы керек.Ақпараттық келісім алынуы шарт. (III-A)

Босану әдісі талқыланып, әйелдің таңдаған әдісі сәйкес медициналық құжатқа тіркелуі керек. (III-B)

Ұрықтың жамбаспен келуі кезіндегі қынаптық босандыру келесідей шарттарға сәйкес болуы шарт: мамандандырылған мамандар қатысуы, клиникалық протокол,сондай-ақ әйелді мүмкін болатын асқыныстармен таныстыру. (III-B)

Жүктілікті табиғи жолмен жүргізуге болмайтын әйелдерге кесар тілігін жүргізу көрсетілген. Кесар тілігінен бас тартқан жағдайда әйел болатын барлық асқыныстар мен соңы немен аяқталатыны жөнінде ақпараттандырылуы қажет. (III- А)



Босануды басқару. Қынаптық босандыруды жүргізудің негізгі принципі:

Босану партограммамен жүргізіледі

Жамбасты клиникалық тексеру жамбастың патологиялық тарылуын анықтау үшін жүргізіледі (Ш-В).

Рентгенологиялық пельвиометрия қауіпсіз босануға қажет емес; босанудың оң ағымы «ұрық-жамбас» пропорциясына ең оң ықтимал.(III-B)

Ұрықтың жүрегінің электронды мониторингі босанудың бірінші кезеңінде және екінші кезеңде жүргізу міндетті болып табылады..(I-A)

Ұрық қабы жарылғанда қынаптық тексеріс тез жүргізілу керек (кіндік түсуін ескеру керек).(III-B)

2 сағат көлемінде босануда адекватты прогресс болмаса,кесар тілігі ұсынылады (II-IA),индивидуальді қаралады..

Ұрықтың жамбаспен келуі кезінде босану жолдарын қоздыру ұсынылмайды.(II-3B).

Эпидуральді анестезиядан кейін жатырдың жиырылу күші мен жиілігінің төмендеуін окситоцин енгізу арқылы реттейді.

Пассивті екінші кезеңнің белсенсіз күшенуі 90 минутқа дейін созылуы мүмкін,ол ұрық құйрығының жамбасқа түсуіне мүмкіндік береді.

Босану кезінде неонатолог қатысуы міндетті, реанимациялық шараларды толық көлемде игере алуы шарт. (III-A)

Белсенді күшену кезінде босану 60 минут ішінде жүрмесе, кесар тілігіне көрсеткіш болып табылады. (I-A).



Құйрықпен келу кезіндегі босануда жүргізілетін әдістер

Құйрықпен босану кезінде ананың белсенді қатысуы маңызды, сондықтан кушенуді максимальді қолдану үшін седативті препараттар мен эпидуральді жансыздандыруды қолданбау керек.



  • Ұрық құйрықпен келуін жүргізетін дәрігер және акушерка барлық әдістемелерді білу шарт. (II-1A)

  • Ұрықтың құйрықпен келуін табиғи жолмен қабылдайтын тәжіребиелі акушер-гинеколог босануға қатысу шарт,себебі басқа мамандар іс-әрекетін бағалау керек. (I-A)

  • Барлық босану кезінде неонатолог дәрігер қатысуы міндетті, реанимациялық шараларды толық көлемде игере алуы шарт.

  • Ұсынылатын қалып – литотомиялық.

  • Кесар тілігі жасалу қажет болса мамандандырылған дәрігерлер, дайын операция жасау орны болуы керек,оперативті босандыру шешімі қабылданғаннан бастап 30 минут ішінде операция жасалуы шарт. (III-A)

  • Акушер-гинеколог жасалынатын әрекеттер жөнінде жоспар құруы керек және асқыныстар дамығанда жедел әрекет жасауға дайын болуы керек. (мысалы: ұрық басының бұралып қалуы). (III-B)

  • Қауіпсіз босануға босанушының босануға дайын болуы көп әсер етеді.. (II-1A)

  • Ұрық басы шыққанда акушерка не дәрігер ассистенті бастың орнығуына және бүгілуін жасауға дайын болуы шарт. (II-3B)

  • Құйрықпен босану кезінде босану өздігінен, сондай-ақ акушерлік әдістер көмегімен жүреді. Ұрыққа әрекет ету тек өздігінен босану кезінде мүмкін, ұрық кіндік деңгейіне дейін босанылса. (III-A)

  • Қолы бұралып қалса классикалық қолдық әдіс қолданылады. III-B).

  • Ұрық басының туылуы өздігінен,не маңдай үстілік қысыммен не Морисо-Смелли әдісімен (Mauriceau- Smellie-Veit) жүргізіледі. (III-B). Морисо-Левре әдісі (Морисо-Смелли) бастың туылуы кешеуілдеген кезде қолданылады.

Хирургиялық әдістер: жоспарлы және жедел кесар тілігі

Жоспарлы кесар тілігіне көрсеткіш:

  • Кіндікпен келу. (II-3A)

  • Ұрық дамуының кешеуілдеумен макросомиясы (массасы 4000,0 г және жоғары).(I-A)

  • Ұрық аяғымен келуі

  • Ұрықтың толық жамбаспен келуі не нейтральді баспен бірге (III-B)

  • Табиғи босандыруға сәйкес келмейтін ұрық аномалиясы (III-В)

Жедел кесар тілігіне көрсеткіш:

  • 2 сағат көлемінде адекватты прогресс болмаса,индивидуальді шешу (II-IA)

  • Активті күшену кезінде 60 минут ішінде босану болмаса (I-A)

Профилактикалық шаралар:

  • сыртқы акушерлік бұрылыс жасауға және Кегеля жаттығуын қолдануға дәлелдемелі база жоқ.

  • Құйрықпен келуді жүргізу теориялық және практикалық тұрғыдан акушерлік және гинекологияның оқу бағдарламасының бір бөлігіне кіруі шарт.Оқыту түрінің мақсаты-мамандар дайындау,ұрықтың жамбаспен келуі кезіндегі уақытылы және мамандандырылған көмек көрсете білуі. (III-B).



Ұрықтың дұрыс емес орналасуы

Ұрықтың дұрыс емес орналасуы клиникалық жағдай,ұрық осьі жатыр осьін кесіп отуі.



Жіктелуі

Ұрықтың дұрыс емес орналасуына ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы жатады.Көлденең орналасуы (situs transversus) ұрықтың осьі жатыр осьін тік өлшемде кеседі,ал ұрықтың ірі бөлігі мықын сүйегі қанатынан жоғары орнығатын клиникалық жағдай.



http://www.medsecret.net/images/stories/akusherstvo/akushe29_.gif

Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция,алдыңғы түр.

Қиғаш орналасу (situs obliquus) ұрық осьі жатыр осьін тік бұрышта кесетін,төмен орналасқан ұрықтың ірі бөлігі үлкен жамбастың мықын сүйегінің ойығына ығысқан клиникалық жағдай. Қиғаш орналасуды өтпелі деп есептейді: босану кезінде ол көлденең өлшемге ауысады.

http://www.medsecret.net/images/stories/akusherstvo/akushe30_.gif

Сурет. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция, алдыңғы түр.

Ұрықтың дұрыс орналаспауында ұрық позициясын басымен анықтайды: егер ол әйел орта сызығынан сол жақта орналасса- бірінші позиция, егер оң жағында орналасса-аекінші.Түрі, көлденең орналасқандағыдай арқасымен анықтайды:егер ол алға қараса-алдыңғы түрі, артта-артқы.Ұрықтың арқасының жатыр түбі мен кіші жамбас кіреберісіне қатынасының маңызы бар.

Этиология

Көлденең не қиғаш орналасудың себептері әртүрлі. Оған жатырдың тонусының төмендеуі және алдыңғы іш бұлшықетінің әлсіздігі жатады.Ұрықтың дұрыс орналаспауының басқада себептері: көпсулылық,көпұрықтық, екі мүйізді жатыр, плацента төмен орналасуы, жамбас кіреберісі мен қуысында орналасқан жатыр мен қосалқылары ісігі,тар жамбас.



Клиникалық көрінісі

Ұрықтың көлденең не қиғаш орналасуы әйелді тексеру кезінде, іш пальпациясында, қынаптық тексеруде анықталады.Қарау кезінде іштің көлденең созылмалы формасына мән беру керек. Жатыр созылыңқы-овальді формада болмайды, шар тәрізді болады.

. http://www.medsecret.net/images/stories/akusherstvo/akushe31_.gif

Сурет. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция,алдыңғы түр; ашылу кезеңі,ұрық қапшығы бүтін.



Диагностика

Соңғы қорытынды диагноз УДЗ негізінде қойылады. Жүктілік уақытындағы және босанудың бірінші кезеңіндегі қынаптық тексеру айқын нәтиже бермейді. Қағанақ суы мен қабының жатыр мойны толық ашылмай жатып кетуі босану болжамын төмендететіндіктен, тексерісті өте абай жүргізу керек. Жатыр мойны 4 см ашылғанда және су кеткеннен кейінгі қынаптық тексеріс кезінде ұрықтың бүйірі сезіледі (қабырға, қабырғааралық), жауырын,кейде шынтақ не саусақ білезігі сезіледі.Жыныс саңылауынан қолдарының түсуі көлденең келу диагнозына күмән тудырмайды.



Жүктілік пен босанудың ағымы

Босану өзгеріссіз жүреді,бірақ көбіне мерзімінен ерте босану болады.Медициналық көмек көрсетілмесе ана мен ұрық өміріне қауіп туады және асқыныстар дамиды (судың ерте кетуі,ұрықтың кіші бөліктерінің түсуі,жатыр жыртылуы, ана мен ұрық өлімі). Судың ерте кетуі ұрық жұмыртқасының төменгі полюсінің артық жиырылуынан болады, одан қағанақ суының алдыңғы және артқы түріне бөлінуі болмайды. Су ерте кетсе босану ұзаққа созылады. Судың ерте кетуі көбіне ұрықтың кіндігінің не қолының түсуіне әкеледі,ұрық қозғалысын жоғалтады. (жіберіп алынған көлденең орналасу).Көлденең орналасуда кіндіктің түсуі инфекциялануға,хориоамнионит дамуына,ұрық гипоксиясына әкеледі.

Қолдың түсуі босану кезіндегі инфекциялану қауіптілігін жоғарылатады.

Ұрықтың үлкен бөлігі қуыста созылыңқы жатырлық төменгі сегментте және жатыр мойнында орналасады.

Ұрық жатырда қозғалмайды; өте ауыр жағдай пайда болады — жіберіліп алынған ұрықтың көлденең орналасуы.

http://www.medsecret.net/images/stories/akusherstvo/akushe32_.gif

Сурет.Жіберіліп алынған ұрықтың көлденең орналасуы, оң қолдың салбырауы,жатыр жыртылу қаупі.

Жіберіліп алынған ұрықтың көлденең орналасуы мен босану жалғасса жатырдың жыртылуы мүмкін.

Жайылмалы перитонит пен сепсис әсерінен әйел өлімі болады.Босанудың ағымы ұзақ болса, босану күшінің екіншілік әлсіздігі, судың ерте кетуінен жайылмалы екіншілік инфекция дамиды, ұрық гипоксиядан өледі.Смерть роженицы может наступить вследствие разлитого перитонита или сепсиса.



Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде жүктілікті жүргізу

Жүктілікті жүргізу мақсаты- ұрықтың көлденең орналасуы кезінде болатын асқыныстардың уақытылы алдын алу мен асқынысты болдырмау.Жүктіліктің 35-36 аптасында ұрықтың орналасуын анықтауға болады, осы уақытта жүктілікті одан әрі қалай жүргізу керектігін анықтап,әйелге хабарлау керек. Жүкті әйелді жүктіліктің 36-37 аптасында госпитализациялау керек және уақытында госпитализациялау босанудың сәтті аяқталуына әкелетінін түсіндіру қажет. Босану үйінде жүктілерді тексереді,босануға психопрофилактикалық дайындайды; әйелді толғақ басталғанда не қағанақ суы кетіп жатқанда кезекші дәрігерді не акушерді шақыру керектігін ескерту керек.



Ұрықтың дұрыс емес орналасуы кезіндегі босануды жүргізу

Босану көлденең орналасу кезінде өздігінен болмайды (өзіндік бұралу оте сирек кездеседі.Ұрықтың көлденең орналасуында босандыру жолы жоспарлы кесар тілігіне бағытталады.



Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Акушерство : Учеб. для медвузов / Айламазян, Эдуард Карпович. - СПб. : СпецЛит, 2005.- 527 с. : ил.

  2. Раисова А.Т., Нұркасымова Р.А. Акушерия және гинекология: Оқулық/.Алматы:АсемСистем,2006.-296 б

  3. Абисатов Х.А. Клиническая онкология, 2-х т..-Алматы: Арыс. Т.2.-2007.-640с.:ил.

  4. Акушерство : учебник / В. И. Дуда, Вл. И. Дуда, И. В. Дуда. - 2-е изд.,испр. и доп. - Минск : Адукацыя і выхаванне, 2007. - 656 с. : ил

  5. Айламазян Э.К. Акушерство : Нац. рук-во / [и др.]. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 1200 с. - (Национальные руководства)

  6. Гинекология : учеб. для мед. вузов / Э. К. Айламазян. - СПб. : СпецЛит, 2008. - 415 с. : ил.

  7. Подзолкова Н.М., Кузнецова И. В., Глазкова О. Л. Клиническая гинекология: учеб. пособие. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 616 с. : ил.

  8. Акушерство : учеб. для мед.вузов / Э. К. Айламазян. - 7-е изд., испр. и доп.- СПб.: СпецЛит,2010.- 543с.: ил.

  9. Акушерия және гинекология : оқулық / А. Т. Раисова, Р. А. Нурқасымова. - Алматы : Эверо, 2011. - 404 б.


Қосымша:

  1. Гилязутдинов И.А, Гилязутдинова З.Ш., Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве : Руководство для врачей /. - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 416 с

  2. Быстрицкая Т.С.; ред. Целуйко С.С., Беременность и гинекологическое здоровье у подростков / Ростов н/Д : Феникс, 2006. - 253 с. - (Медицина для вас)

  3. Кулаков В.И., Селезнева Н. Д., Белоглазова С. Е., Руководство по оперативной гинекологии / - М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 640 с. : ил.

  4. ВИЧ/СПИД и беременность : Учеб.пособие / Евгеньева, И.А., Копобаева И.Л., Цой Л.В. - Караганда : КГМА, 2006. - 63 с

  5. Кулаков В.И.; Манухин И.Б., Савельева Г.М., Гинекология : Нац. рук-во /. : ГЭОТАР-- М Медиа, 2007. - 1072 с. - (Национальные руководства)

  6. Айламазян Э.К., Неотложная помощь при экстремальных состояниях в акушерской практике : Руководство /-СПб.:СпецЛит, 2007.-400 с

  7. Макаров О. В., Акушерство : клинические лекции: учеб. пособие для вузов - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 640 с. : ил.

  8. Шакирова А.Ф., Байназарова А.А., Цикл лекций по онкогинекологии: Учеб.пос./КГМА;.-Караганда:Б.и.,2007-96с

  9. Колесниченко А. П, Грицан Г. В., Грицан А. И., Острый ДВС-синдром при критических состояниях в акушерско-гинекологической клинике : руководство для врачей /.- СПб. : Спец. лит.,2008-110с

  10. Боровкова Л. В., Егорова Н. А., Гусева О. И., Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2008. - 144 с

  11. Клиническая фармакология для акушеров-гинекологов / Р. Г. Бороян. - М. : Практическая медицина,2008-169 с

  12. Выявление солитарных и первично-множественных опухолей в женской репродуктивной системе на основе селективного скрининга : новая медицинская технология / Я. В. Бохман, С. Я. Максимов, Е. В. Бахидзе. - СПб. : Изд-во Н-л, 2008. - 40 с

  13. Кольпоскопия : атлас и руководство: пер. с англ. / Э. Бургхардт, Г. Пикель, Ф. Жирарди. -М.: Мед. лит., 2008.-176 с.: ил.

  14. Практическая гинекология: Клинические лекции / ред.: В. И. Кулаков, В. Н. Прилепская. - 4-е изд., доп. - М.: МЕДпресс-информ, 2008. - 752 с

  15. Гуркин Ю. А., Детская и подростковая гинекология : руководство для врачей /. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 696 с. : ил.

  16. Ганскурт Бауэр., Цветной атлас по кольпоскопии : Пер. с нем./-М.: ГЭОТАР-Медиа,2009.- 288с:ил

  17. Кравченко Е. Н., Родовая травма: акушерские и перинатальные аспекты /. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 240 с. : ил. - (Библиотека врача-специалиста )

  18. Краснопольский В. И., Мельник Т. Н., Серова О. Ф., Безопасный аборт / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 48 с. : ил. - (Библиотека врача-специалиста )

  19. Серов В. Н., Гаспаров А. С., Кулаков В. И., Акушерство : учебник / М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 696 с. : ил.

  20. Сидорова И. С., Макаров И. О., Течение и ведение беременности по триместрам : учеб. пособие /. - М. : МИА, 2009. - 304 с : ил

  21. Кулмагамбетов И.Р., Алиханова К.А., Руководство по классификациям заболеваний.-Караганда:Гласир2009-632с

  22. Акушерлік қан кетулер : оқу-әдістемелік құралы / Г. К. Мамалинова ; КГМУ. - Қарағанды, 2009. - 42 б.

  23. Радзинский В. Е., Женская консультация М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 472 с : ил. –

  24. Харченко В.П., Рожкова Н.И., Маммология: Нац. рук- во/ М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009.-328с.+ CD:ил.

  25. Синдром хронических тазовых болей в урогинекологии / Л. В. Аккер, А. И. Неймарк. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 240 с. : ил

  26. Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии : диагностика и лечение: пер. с англ. / ред.: М. Пирлман, Дж. Тинтиналли, П. Дин. - М. : БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 499 с. : ил. - (Неотложная медицина)

  27. Апоплексии яичника и разрывы кист яичников: монография / А. С. Гаспаров [и др.]. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 176 с.

  28. Роговская С. И., Практическая кольпоскопия М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 240 с.: ил.

  29. Оперативное акушерство Манро Керра: пер. с англ. / Т. Ф. Баскетт, Э. А. Калдер, С. Арулкумаран. - М.: Рид Элсивер, 2010. - 392 с.: ил.

  30. Норвиц Эрол Р., Шордж Джон О., Наглядное акушерство и гинекология : учеб. пособие для вузов: пер. с англ. / - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 168 с. : ил.

  31. Практическое акушерство с неотложными состояниями: руководство для врачей / В. К. Лихачев. - М.: МИА, 2010. – 720с

  32. Методы исследования, пособия и типичные операции в акушерстве и гинекологии / Т. Н. Колгушкина. - М. : МИА, 2010. - 272 с. : ил.

  33. Акушерия және гинекология пәнінен студенттердің өзіндік жұмысына арналєан оқу құралы : оқу құралы / А. Т. Раисова, Б. Ж. Бодыков. - Алматы : Эверо, 2011. - 128 б.

  34. Клиническая онкогинекология: в 3 т.: пер. с англ. / ред.: Ф. Дж. Дисаи, У. Т. Крисман. - М.: Рид Элсивер Т. 1. - 2011. - 316 с.: ил.

  35. Нейро-эндокринные синдромы в период половой зрелости : учебно-методическое пособие / Т. А. Алексеева, А. Т. Андагулова ; КГМУ. - Караганда, 2011. - 62 с.

  36. Тромбогеморрагические осложнения в акушерско-гинекологической практике : руководство для врачей / ред. А. Д. Макацария. - М. : МИА, 2011.- 1056 с. : ил.

  37. Оперативные вмешательства в акушерстве : учебно-методическое пособие / Ф. Н. Джураева ; КГМУ. - Караганда, 2012. - 312 с.


Бақылау:

Сұрақтар:

1.Ұрықтың көлденең орналасуының себептері қандай?

2. Айтылған патологияны диагностикалау үшін қандай диагностика әдістері қолданылады?

3. Қандай асқыныстарды көруге болады?

4. Ұрықтың дұрыс емес орналасуының қандай профилактикалық шараларын білесіз?

Тесттер:

1. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы диагностикасында не қолданылады?

А. ЭКГ

В. Жатыр қуысын қолмен тексеру



С. Босануды стимуляциялау

D. Леапольда-Левицкий әдісі

Е. ұрықты бұзатын операция

2. Ұрықтың көлденең орналасуында қандай босандыру тактикасы қолданылады?

А. ұрықты бұзатын операция

В. Цовьянов 1

С. Цовьянов 2

D. табиғи босандыру жолымен

Е. кесар тілігі

3.Ұрықтың аяқпен келуі қандай босандыру тактикасымен жүргізіледі?

А. ұрықты бұзатын операция

В. Цовьянов 1

С. Цовьянов 2

D. табиғи босандыру жолымен

Е. кесар тілігі

4.Жамбаспен келу кезіндегі биомехенизмнің бірінші қалып қандай?



  1. құйрықтың шығуы

  2. врезывание и прорезывание ягодиц.

  3. құйрықтың жарып шығуы

  4. құйрықпен қондырылу

  5. фиксация нүктесінің пайда болуы

5.Жамбаспен келу жіктемесі:

  1. симметриялық аяқпен

  2. толық емес аяқпен

  3. құйрықпен, аяқпен

  4. толық құйрыкпен

  5. толық аяқпен


Есеп:

Босанушы 28 жаста. Босануы екінші. Бірінші босануы асқынусыз, ұрықтың массасы 4500,0. Екінші жүктілік,егіз. Бірінші ұрық асқынусыз туылған.Екінші ұрық көлденең орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы 170 рет/мин.



Диагноз? Дәрігер тактикасы?


База даних захищена авторським правом ©mediku.com.ua 2016
звернутися до адміністрації

    Головна сторінка